ЖШС «Шарықтау шыңы», «Зере» Балабақшасы

 

Құрылтайшы

ЖШС «Шарықтау шыңы», «Зере» Балабақшасы

Меншік нысаны

Мемлекеттік  және жеке меншік кәсіпорын.

Мекен  жайы

Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Бейбітшілік даңғылы 35 үй

Құрылған жылы

20 сәуір  2019 жыл

Қызметкерлер саны

36 адам

Байланыс телефондары

+77784114115+7 771 292 0379

Топ саны

10

Қызмет түрі

Бағыты: Мектепке дейінгі білім беру -  үш пен алты жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның  қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.  Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады, мектеп жасына дейінгі баланың ойын  арқылы  сабаққа көңілін аударуға оңай. Ойын түрінде қажетті дағдыларды қалыптастырылып, ойын барысында пысықталады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі  іс- әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылады. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» бес білім беру дағдыларына негізделген.

 

Қызмет тақырыбы:

Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қосымша  білім беруді нығайту мақсатында ұйымдастырылған вариативтік  білім дағдылары жүзеге асырылады.

Бар құрылымы

Балабақша ғимараты 2014  жылы салынған. Ғимаратта жылыту жүйесі күрделі жөндеуден өткізілген.  Ғимаратта бейнебақылау орнатылған. Интернет, Wi-fi қосылған.Оқу-тәрбие бөлімі типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс жасайды.

Ағымдағы жағдайы

Балабақшаның ағымдағы жағдайы қанағаттанарлық.